7,3 млрд теңгелік темекі контрабандасы: сотталғандар мемлекетке шығынды өтейді

7,3 млрд теңгелік темекі контрабандасы: сотталғандар мемлекетке шығынды өтейді
ашық дереккөз

Қазақстанда темекі өнімдерін заңсыз тасымалдағаны үшін сотталған 10 адамнан мемлекет кірісіне 7,3 млрд теңгеден астам қаражат өндірілетін болды. Бұған дейін мемлекетке келтірілген залал өтелмеген, деп хабарлайды ult.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында сотталғандар алдын ала сөз байласып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы темекі өнімдерін бірнеше рет заңсыз өткізген. Жалпы құны 7,3 млрд теңгеден асатын тауарлар кедендік бақылаудан жасырылған.

Сот оларды экономикалық контрабанда жасағаны үшін кінәлі деп танығанымен, мемлекетке келтірілген залал өндірілмеген.

Прокуратураның наразылығынан кейін істі Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот қайта қарап, сотталғандардан 7,3 млрд теңгеден астам қаражатты ортақ тәртіппен мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы шешім шығарды.