70 жастағы ер адам пойызында жолаушы қызға тиіскен

70 жастағы ер адам пойызында жолаушы қызға тиіскен
Коллаж: видеодан кадр

Ақтөбе–Алматы бағытындағы пойызда түнгі уақытта ұйықтап жатқан бойжеткенге 70 жастағы ер адам тиіскен. Бұл туралы жәбірленуші Threads желісінде жазды, деп хабарлайды ult.kz.

Қыздың айтуынша, оқиға кезінде ол көмек сұраған. Алайда оның сөзін тыңдаудың орнына купедегі әйелдердің бірі оны сөгіп, жағдайды ушықтырмауға шақырған.

Оқиғадан кейін ер адам Түрксіб станциясында ұсталған.

Іс сотта қаралып, ер адамның әрекеті «ұсақ бұзақылық» ретінде бағаланған. Нәтижесінде оған 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары қоғамдық көліктегі жолаушылардың қауіпсіздігі мен мұндай әрекеттерге берілетін құқықтық бағаның жеткіліктілігіне қатысты сұрақ көтеруде.