61 бас мал ұрлаған: Жетісуда алты адам 5 жылға дейін сотталды

61 бас мал ұрлаған: Жетісуда алты адам 5 жылға дейін сотталды
ашық дереккөз

Жетісу облысында 61 бас ірі қара мал ұрлаған алты тұрғын сотталды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, тергеу барысында Сарқан ауданының тұрғындары алдын ала сөз байласып, малдарды Алакөл ауданынан Сарқан ауданына айдап әкеткені анықталды. Ұрланған малдың бір бөлігі сойылып, етін сату жоспарланған.

Мал иелеріне келтірілген жалпы шығын 28,8 млн теңгені құрады.

Сот үкімімен алты адамның барлығы кінәлі деп танылып, әрқайсысына 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Полиция мал ұрлығының алдын алу және мұндай қылмыстарды дер кезінде ашу бағытындағы жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.