6 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

6 қыркүйекте ауа райы қандай болады?
Фото: freepik

«Қазгидромет» синоптиктері 6 қыркүйек, жексенбі күнгі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды ult.kz.

Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, құрғақ ауа райы сақталады. Дегенмен жекелеген өңірлерде ауа райы құбылып, жаңбыр жаууы мүмкін. 

Елдің кей аймақтарында түнгі уақытта ауа температурасы төмендеп, күздің салқыны сезіледі. Ал оңтүстік және батыс өңірлерде күн әлі де жылы болады. Кей жерлерде ауа температурасы +30°C-тан жоғары көтерілуі ықтимал. 

Алматыда 6 қыркүйекте көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды деп күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні секундына 5–10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +26…+28°C шамасында болады. 

Синоптиктер 6 қыркүйекте тұрғындарға ауа райының өңірлер бойынша айтарлықтай ерекшеленетінін ескертіп отыр.