Қазақстандықтар Германиядан келген сыныптасын ерекше күтіп алды , деп хабарлайды ult.kz.
Германияда тұратын бұрынғы сыныптасын туған жерге арнайы шақырған түлектер оған ұмытылмас тосынсый жасады.
45 жылдан кейін бас қосқан сыныптастар алыстан ат терлетіп келген достарын әуежайдан сән-салтанатпен күтіп алып, құшақ жая қарсы алған.
Мұндай ықыласты мүлде күтпеген қонақтың қуанышы ерекше болды.
Жылдар бойы үзілмеген достық пен сағынышқа толы кездесу көпшіліктің жүрегін елжіретіп, әлеуметтік желі қолданушыларының да ыстық ықыласына бөленді.