14 жыл бұрынғы қылмыс ДНҚ сараптамасы арқылы ашылды

14 жыл бұрынғы қылмыс ДНҚ сараптамасы арқылы ашылды
ашық дереккөз

Павлодар облысында 14 жыл бұрынғы болған қылмыс ДНҚ сараптамасы арқылы ашылды, деп хабарлайды ult.kz.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Павлодар облысында 14 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды. 

2012 жылы бау-бақша қоғамдастығының аумағында 62 жастағы әйел зорланып, өлтірілген. Сол кезде қылмыскерді анықтау мүмкін болмады. Бірақ істі ашу бойынша жұмыс жалғасты. Жедел қызметкерлер мен криминалистер істі қайта зерделеді. Тексеру нәтижесінде күдікті анықталды. Ол 1964 жылы туған, бұрын сотталған ер адам болып шықты.

ДНҚ сараптамасы оның қылмысқа қатысы бар екенін растады. Ер адам кінәсін мойындады. Ол ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыс жасаған адам заң алдында жауап береді.