Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алтынсарин атындағы №159 гимназияда Білім күніне арналған шараға қатысты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Ол жиналған оқушыларды, ата-аналарды және мұғалімдерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Айта кетейік, бұл оқу жылынан бастап қазақстандық оқушылар үш тілде білім беру жүйесіне өтеді. 2016-2017 оқу жылынан - бірінші сынып, 2017 жылдан - 2, 5, 7 сыныптар, 2018 жылдан 3, 6, 8, 10 сыныптар, ал 2019 жылы - 4, 9, 11, 12 сыныптар. ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңартылған бағдарламаның бескүндік оқытуға өтуге мүмкіндік беретінін мәлімдеген. Ал оқу жылы 10 күнге созылады. 2016 жылы үштілділікті енгізу аясында "Биология", "Химия", "Физика" және "Информатика" пәндерінің 675 мұғаліміне төрт айлық курс өткізу жоспарланып отыр. Бұл пәндер ағылшын тілінде өтетін болады.
Министрлік өкілдері мұғалімдерге артық салмақ түспейтінін айтып отыр, себебі оқу аптасы бес күнге қысқарады. Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап мұғалімдердің қағазбастылығы және есеп беруі қысқаратын көрінеді. Барлық құжаттама электронды форматқа өтеді екен.
Ұлт порталы