Бүгін таңда 91 келі салмақта қазақстандық боксшы Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко финалда айқасып, жерлесіміз жеңіліс тапты. Алайда аталған жекпе-жекке байланысты даулы әңгімелер айтылып жатыр.
Ресей құрамасының бапкері Эдуард Кравцов Vesti.kz сайтына берген сұхбатында финалдық жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты.
"Не айтайын? Жекпе-жектің қалай өткенін бәрі көрді! Мен әрқашан әділ төреліктің жағындамын және спортшылар мен бапкерлердің жұмысын лайықты бағалағанын қалаймын. "Қазанның құлағын ұстағандар" Василийге және оның бапкеріне, тіпті бокс өнеріне обал жасады! Сондықтан, рингтің айналасында болып жатқан бұндай жағдайлар біздің спорт түріне абырой әкелмейді. Өкінішке орай, бұл Олимпиадада болған жалғыз оқиға емес, тенденцияға айналып барады. Біздің боксшы шамасынша шайқасу үшін һәм жеңіске жету үшін шықты. Оны жеңімпаз деп танып, қолын көтергені үшін кінәлі емес. Өкінішке орай, бокссүйерлер үшін біз алғымыз келгенін алдық...", дейді бапкер Кравцов.

Ұлт порталы