ارحەولوگتار كٷلتٶبە قالاشىعىنان بالالاردىڭ ەرتەدەگٸ ويىنشىعىن تاۋىپ الدى

ارحەولوگتار كٷلتٶبە قالاشىعىنان بالالاردىڭ ەرتەدەگٸ ويىنشىعىن تاۋىپ الدى

قازاقستاننىڭ ەجەلگٸ قالا مەدەنيەتٸنەن سىر شەرتەتٸن كٷلتٶبە قالاشىعىنداعى قازبا جۇمىستارى بارىسىندا ارحەولوگتار تاعى بٸر بٸرەگەي جەدٸگەردٸ - XVII-XVIII عاسىرعا جاتاتىن كەراميكالىق ىسقىرعىشتى تاۋىپ الدى. 

جەدٸگەر ىسقىرىق ويىنشىقتار توبىنا جاتادى. مۋزىكالىق اسپاپ رەتٸندە دە پايداعا جاراعان بولۋى كەرەك, دەپ حابارلايدى قازاقپارات.

قازاقستان عىلىمي-زەرتتەۋ ينستيتۋتى قولعا العان «كٷلتٶبە قالاشىعى تاريحي نىساندارىن رەستاۆراتسييالاۋ» جوباسىنىڭ عىلىمي قىزمەتكەرٸ رۋسلان شەرباەۆتىڭ ايتۋىنا قاراعاندا قۇس سيپاتتى ىسقىرعىش توپىراقتان جاسالعان. ارحەولوگييالىق جەدٸگەرلەردٸڭ سيرەك كەزدەسەتٸن تٷرٸنە جاتادى. ونىڭ كٶلەمٸ شامامەن 5,0 سم. بەتٸ قىزىل ارنايى بوياۋ – انگوبپەن سىرلانعان. ويىنشىقتىڭ ٷش تەسٸگٸ بار: ىسقىرعىشتىڭ قۇيرىق تۇسىندا ەرٸن تيگٸزەر بٶلٸگٸ بولسا, ونىڭ ٸزٸنشە ٷرلەۋٸش ارناسى باسىنا دەيٸن جالعاسادى. اسپاپتىڭ قۇيرىق تۇسىندا كٸشكەنتاي سىبىزعى – ٷرلەۋٸش ارنامەن بايلانىسىپ جاتقان ديامەترٸ 6 مم-لٸك تەسٸگٸ بار. سىرتىنان قاراپايىم عانا كٶرٸنەتٸن وسىناۋ جەدٸگەر ەرتٷرلٸ دىبىس شىعارادى. 

XVII-XVIII عاسىرداعى بالالاردىڭ كەراميكالىق ىسقىرعىشى. كٷلتٶبە قالاشىعى

«دەل وسىنداي ىسقىرعىشتار ەۋرازييا اۋماعىنىڭ ارحەولوگييالىق قازبا جۇمىستارى جٷرگٸزٸلگەن بٸرشاما بٶلٸگٸنەن دا تابىلعان. بەرٸ دە XVII-XVIII عاسىرعا تيەسٸلٸ. مامانداردىڭ كٶبٸنٸڭ پٸكٸرٸنە قۇلاق اسساق, ەرتەدە توپىراقتان جاسالعان مۇنداي بۇيىمدار ارۋاقتارمەن تٸلدەسۋ ٷشٸن, دٸني رەسٸمدەردە كۋلت قۇرالى رەتٸندە قولدانىلعان», - دەپ تٷسٸندٸرەدٸ ارحەولوگ ەرلان قازيزوۆ.

جەدٸگەردٸ تاپقان ارحەولوگتار – رۋسلان شەرباەۆ پەن ەرلان قازيزوۆ

«كٷلتٶبە قالاشىعىندا جىلدا عالىمداردىڭ قولىنا ەرتٷرلٸ ارتەفاكتتار, سونىڭ ٸشٸندە ٶتە سيرەك كەزدەسەتٸن جەدٸگەرلەر تٷسەدٸ. ولاردىڭ قاتارىنا بٷگٸن تانىستىرىلعان – توپىراقتان جاسالعان بالالاردىڭ ىسقىرعىشى دا كٸرەدٸ. عاسىرلار بويى جەر استىندا جاتسا دا قازٸر تابىلعان ول كەرەمەت ٷن شىعارا الادى. بەلگٸلٸ تٷركٸستاندىق سۋرەتشٸ-كەراميست ەرٸ ەجەلگٸ اسپاپتاردى ويناي الاتىن ابايحان راحمانبەردٸۇلى رىسباەۆ ەرتەدەگٸ اسپاپتى سىننان ٶتكٸزٸپ, بەرٸمٸز ىسقىرعىشتىڭ بٷلٸنبەي بٷگٸنگە جەتكەنٸنە كٶز جەتكٸزدٸك. ايتپاقشى اۋتەنتيكالىق تەحنولوگييامەن جاسالعان ابايحان راحمانبەردٸۇلىنىڭ كەراميكالىق بۇيىمدارى يۋنەسكو ساپاسى بەلگٸسٸمەن اتالىپ ٶتكەن», - دەيدٸ جوبانىڭ عىلىمي قىزمەتكەرٸ, ارحەولوگ ەرٸ ەتنوگراف ايسۇلۋ ەرجٸگٸتوۆا.

سۋرەتشٸ-كەراميست ابايحان راحمانبەردٸۇلى رىسباەۆ كٷلتٶبەلٸك ىسقىرعىشتا ويناپ وتىر

شەبەردٸڭ ايتۋىنشا مۇنداي ىسقىرعىشتار ٶزٸنٸڭ بالا كەزٸندە دە بولعان. پايداعا جاراتا بٸلگەن ادام بۇل ىسقىرعىشتىڭ كٶمەگٸمەن قۇستىڭ ٷنٸن كەلتٸرٸپ, جەلدٸڭ داۋىسىنا سالا الادى. قازٸرگٸ ۋاقىتتا شەبەر ارحەولوگييالىق جەدٸگەرلەر نەگٸزٸندە اۋتەنتيكالىق تەحنولوگييامەن وسىنداي بالالاردىڭ ويىنشىق ىسقىرعىشىن ەزٸرلەۋدٸ دە ٷيرەنٸپ العان. مۇنداي ىسقىرعىشتار تۋريستەردٸڭ ٷلكەن سۇرانىسىنا يە ەكەن.

«Eurasian Resources Group (ERG) قارجىلاي قولداۋىمەن جٷزەگە اسىرىلىپ جاتقان «كٷلتٶبە قالاشىعى تاريحي نىساندارىن رەستاۆراتسييالاۋ» جوباسى اياسىندا عالىمدار قىزىقتى تاريحي جەدٸگەرلەردٸ تاۋىپ العان. وسى مۇرالار ەجەلگٸ تٷركٸستاننىڭ مەدەني مۇراسىنىڭ بٸرقاتار قىرىن اشا تٷسەدٸ. ال بٷگٸنگٸ ويىنشىق ىسقىرعىش – جوبا بويىنشا عىلىمي ٸزدەنٸستەردٸڭ باعىتتارىنىڭ بٸرٸن انىقتايتىن سيرەك ەرٸ جارقىن ەكسپونات. جەدٸگەرلەر مەن ماتەريالداردى عالىمدار تٷيٸرٸمەن جيناقتاپ جاتىر», - دەيدٸ جوبانىڭ باس عىلىمي قىزمەتكەرٸ جانەركە شايعوزوۆا.

Қазақстанның ежелгі қала мәдениетінен сыр шертетін Күлтөбе қалашығындағы қазба жұмыстары барысында археологтар тағы бір бірегей жәдігерді - XVII-XVIII ғасырға жататын керамикалық ысқырғышты тауып алды. Жәдігер ысқырық ойыншықтар тобына жатады. Музыкалық аспап ретінде де пайдаға жараған болуы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан ғылыми-зерттеу институты қолға алған «Күлтөбе қалашығы тарихи нысандарын реставрациялау» жобасының ғылыми қызметкері Руслан Шербаевтың айтуына қарағанда құс сипатты ысқырғыш топырақтан жасалған. Археологиялық жәдігерлердің сирек кездесетін түріне жатады. Оның көлемі шамамен 5,0 см. Беті қызыл арнайы бояу – ангобпен сырланған. Ойыншықтың үш тесігі бар: ысқырғыштың құйрық тұсында ерін тигізер бөлігі болса, оның ізінше үрлеуіш арнасы басына дейін жалғасады. Аспаптың құйрық тұсында кішкентай сыбызғы – үрлеуіш арнамен байланысып жатқан диаметрі 6 мм-лік тесігі бар. Сыртынан қарапайым ғана көрінетін осынау жәдігер әртүрлі дыбыс шығарады. XVII-XVIII ғасырдағы балалардың керамикалық ысқырғышы. Күлтөбе қалашығы «Дәл осындай ысқырғыштар Еуразия аумағының археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген біршама бөлігінен да табылған. Бәрі де XVII-XVIII ғасырға тиесілі. Мамандардың көбінің пікіріне құлақ ассақ, ертеде топырақтан жасалған мұндай бұйымдар аруақтармен тілдесу үшін, діни рәсімдерде культ құралы ретінде қолданылған», - деп түсіндіреді археолог Ерлан Қазизов. Жәдігерді тапқан археологтар – Руслан Шербаев пен Ерлан Қазизов «Күлтөбе қалашығында жылда ғалымдардың қолына әртүрлі артефакттар, соның ішінде өте сирек кездесетін жәдігерлер түседі. Олардың қатарына бүгін таныстырылған – топырақтан жасалған балалардың ысқырғышы да кіреді. Ғасырлар бойы жер астында жатса да қазір табылған ол керемет үн шығара алады. Белгілі түркістандық суретші-керамист әрі ежелгі аспаптарды ойнай алатын Абайхан Рахманбердіұлы Рысбаев ертедегі аспапты сыннан өткізіп, бәріміз ысқырғыштың бүлінбей бүгінге жеткеніне көз жеткіздік. Айтпақшы аутентикалық технологиямен жасалған Абайхан Рахманбердіұлының керамикалық бұйымдары ЮНЕСКО сапасы белгісімен аталып өткен», - дейді жобаның ғылыми қызметкері, археолог әрі этнограф Айсұлу Ержігітова. Суретші-керамист Абайхан Рахманбердіұлы Рысбаев күлтөбелік ысқырғышта ойнап отыр Шебердің айтуынша мұндай ысқырғыштар өзінің бала кезінде де болған. Пайдаға жарата білген адам бұл ысқырғыштың көмегімен құстың үнін келтіріп, желдің дауысына сала алады. Қазіргі уақытта шебер археологиялық жәдігерлер негізінде аутентикалық технологиямен осындай балалардың ойыншық ысқырғышын әзірлеуді де үйреніп алған. Мұндай ысқырғыштар туристердің үлкен сұранысына ие екен. «Eurasian Resources Group (ERG) қаржылай қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Күлтөбе қалашығы тарихи нысандарын реставрациялау» жобасы аясында ғалымдар қызықты тарихи жәдігерлерді тауып алған. Осы мұралар ежелгі Түркістанның мәдени мұрасының бірқатар қырын аша түседі. Ал бүгінгі ойыншық ысқырғыш – жоба бойынша ғылыми ізденістердің бағыттарының бірін анықтайтын сирек әрі жарқын экспонат. Жәдігерлер мен материалдарды ғалымдар түйірімен жинақтап жатыр», - дейді жобаның бас ғылыми қызметкері Жанерке Шайғозова.