Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында VI Ислам ынтымақтастығы ойындары аясында спортшылар қалашығында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.
Қазақстаннан келген спортшылардың алғашқы легі қалашыққа орналасып, жатын орындарымен танысты.
7-21 қараша аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өтетін айтулы бәсекеде әлемнің 57 елінен 3000-нан астам спортшылар бақ сынайды.
Қазақстаннан 98 отандасымыз 15 спорт түрінен жүлдеге талас жүргізеді.
Ислам ынтымақтастығы ойындарында кімдерге сенім артатынымызды жазған едік.
Алты қазақстандық балуан Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындарында ел намысын қорғайды.
Ислам ынтымақтастығы ойындарында каратэден Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды.
