Фото: ҚТЖ
1 сәуірден бастап Ұлытау мен Маңғыстау өңірлерін жалғайтын тікелей жолаушылар пойызы іске қосылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Алғашқы рейс Маңғыстау станциясында салтанатты түрде қарсы алынды. «Қарағанды–Жезқазған» бағыты Маңғыстауға дейін ұзартылып, енді «Қарағанды–Маңғыстау» бағыты ретінде қатынайды. Жол жүру уақыты — шамамен 41 сағат.
Келу уақыты: тақ күндері 12:08
Жөнелту уақыты: 14:34
Билет құны:
• Купе — 22 123 тг
• Плацкарт — 14 467 тг
Жаңа бағыт туризмді дамытуға, сондай-ақ өңіраралық іскерлік және еңбек байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді.
