Фото: Абай облысы әкімдігі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөл демалыс аймағындағы туристік қызмет сапасына халықтан түскен шағымдарға байланысты Үкіметке нақты тапсырма жүктеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
«Мемлекет басшысы Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қабылдауға жеткілікті деңгейде дайын еместігіне Үкіметтің назарын аударды. Қажетті туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайықты деңгейде қамтамасыз етілмеген», – деді Желдібай.
Президент Үкіметке:
-
елдегі барлық туристік бағыттарды тексеріп, ретке келтіруді;
-
кемшілікке жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды
тапсырды.
Халықтан түскен шағымдар арасында қызмет сапасының төмендігі, жол, санитария, қауіпсіздік мәселелері жиі айтылған.
Енді Үкімет қысқа мерзімде нақты шешімдер қабылдауы тиіс.
