Фото: gov.kz
Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен әкім орынбасары Сағындық Матан қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ult.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Талғар қаласының әкімі Күрішбеков Бақыт Қуатбекұлы, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық атқаратын лауазымдарынан босатылды.
Күрішбеков Талғарды 2022 жылдың жазынан бері басқарып келеді. Сайлау алдында "Аманат" партиясы Талғар аудандық филиалының жауапты хатшысы қызметін атқарған.
Айта кетейік, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырған.