Фото: AFP
Әйелдер теннис қауымдастығы WTA жекелей және жұптық сындағы жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open 2026 турниріндегі жеңісінен кейін 5-орыннан 3-орынға көтерілді. Осылайша ол Мельбурн төріндегі турнирде чемпион атанған Қазақстан теннисіндегі алғашқы спортшы ретінде тарихқа енді. Бұл - оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіштің қайталануы: 2023 жылы да 3-сатыға шыққан.
Рейтингте Юлия Путинцева бірден 24 орынға жоғарылап, 70-орынға тұрақтады. Зарина Дияс 282-орында, ал Жібек Құламбаева үш саты төмендеп, 387-орынға түсті. Ал көш басындағы алғашқы екі орын өзгеріссіз: Арина Соболенко мен Ига Швёнтек өз позицияларын сақтап қалды.
Айта кетейік, жуырда Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалында Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенканы жеңіп, ірі жетістікке қол жеткізді.
Рейтинг енді мынадай:
1. Арина Соболенко 10 990
2. Ига Швентек 7978
3. Елена Рыбакина 7610
4. Аманда Анисимова 6680
5. Коко Гауфф 6423
