Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жедел штабқа барып, өртті сөндіру үшін қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
"Жалпы, облыстағы жағдай толық бақылауда. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин басқаратын жедел штаб табиғи апаттарды жоюға қатысатын барлық органдардың іс-қимылдарын үйлестіреді" - деп жазды ол Facebook-тағы парақшасында.
Осыған дейін Мемлекет басшысының Қостанайдағы өртке қарамастан облысқа жұмыс сапарымен баратыны хабарланған еді.