Фото: ашық дереккөз
Петропавлда екі жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, аман қалды, деп хабарлайды Ult.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында болған. Бүлдіршін абайсызда ашық терезеден құлап кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.
Дәрігерлердің айтуынша, бала бірнеше жарақат алған. Атап айтқанда, бел омыртқа тұсының байламдары созылып, оң жақ саны көгерген, сондай-ақ оң аяқ табаны сырылған.
Қазіргі уақытта бүлдіршін травматология және ортопедия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Мамандар оның жағдайы тұрақты екенін, өміріне қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Емдеу консервативті тәсілмен жүргізілуде.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада көпқабатты үйден шыққан өрт салдарынан үш бала қаза тапқан еді.
