10 шіл, 2024 сағат 16:08

Нұрлан имамның Tik Tок желісінде тапқан табысы белгілі болды


Фото:Instagram / NurlanImam.kz

Әлеуметтік желіде "Тик ток имам" немесе "Блогер имам" есімімен танылған теолог, имам Нұрлан Байжігітұлы Tik Tоk әлеуметтік желісі арқылы алғашқы табысын тапты, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Танымал мобилограф Қыран Талапбек Нұрлан имаммен дастархан басында отырған сәтінде Tik Tок әлеуметтік желісі арқылы қаражат табуға болатынын айтып, имамның қанша ақша тапқанын көрсетті. 

"Құрметті достар, Нұрлан имаммен жолығып отырмыз. Бұл кісі Tik Tок арқылы ақша табуға болатынын білмей жүр екен. Осы күнге дейін 2000 АҚШ долларын жинапты. Шынымен де, балансы осындай суммаға жеткенін білмеген. Өзі білмегесін, кіріп көрсем ақшасы шығып тұр", – деді Қыран Талапбек.


Имам өз кезегінде: “Осыны оқырмандарымның арасында Меккеге қажылық ұмра жолдамасы ретінде менімен бірге баруға сыйлаймын…”, – деді.