29 мам, 2021 сағат 12:20

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Италиямен кездеседі


Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін, 29 мамырда Қазақстан құрамасы Италиямен кездеседі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған ойын елорда уақытымен 15.15-те басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Екі құрама бұған дейін жеті мәрте кездесті. Оның үшеуінде итальяндық хоккейшілер жеңіске жетсе, қалғанында қазақстандық құраманың мерейі үстем болды. 

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы биылғы турнирде бұған дейін бес кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті. Алдымен буллиттен Латвиядан 2:1, Финляндиядан 3:2 есебімен басым түссе, одан кейін АҚШ-қа 0:3 есебімен есе жіберді. Төртінші кездесуде Германияны 3:2 есебімен тізе бүктіріп, одан кейін Канадаға 2:4 есебімен жол берді. 

Ал Италия төрт кездесудің барлығында жеңілістің ащы дәмін татып, Германияға 49, Норвегияға 1:4, Латвия мен Финляндияға 0:3 есебімен жол берді. Турнир кестесінде сегізінші орында місе тұтты.