Фото: gov.kz
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов үкімет отырысында Қазақстандағы жаңа стадиондар құрылысының барысы туралы айтты.
Министр Алматыда жаңа стадион салу жоспарланып отырғанын жеткізді.
"Жеті қалада жеті стадион салуға жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Қызылордада УЕФА стандарты бойынша үшінші санатқа сәйкес келетін стадион күзде пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен стадиондар салу жұмыстары басталып кетті", – деді Мырзабосынов.
Министрдің айтуынша, стадиондардың мемлекетке тигізетін түпкілікті құны жобалау жұмыстары аяқталған соң белгілі болады.
"Мемлекет басшысы шетелдегі жеке клубтарды мысалға алып, стадиондарды ел қаржысынан қаржыландырмау жөнінде міндеттер қойды", – деді министр.
