Фото: Nur.kz
Ресми мәлімет бойынша «Қайрат» Чемпиондар лигасында «Олимпиакос» (9 желтоқсан) пен «Брюггемен» (20 қаңтар) болатын матчтарын «Астана Арена» стадионында өткізеді, деп хабарлайды Ult.kz.
«Алматыдағы Орталық стадионда матчты қыста өткізу тәжірибесі көрсеткендей, төмен температура, шатырдың жоқтығы, қар жауу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызып, алаң қызметін қиындатады. Көрермендерге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау үшін матч жабық стадионда өтеді» - деді клуб басшылығы.
Билет бағасы 15 000–50 000 теңге аралығында болады. Бір адамға екі билеттен артық сатылмайды.
