15 қыр, 2025 сағат 16:11

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы белгілі болды

Фото: Спорт Шердингера

«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матч билеті 30 000-250 000 теңге аралығында болады, деп хабарлайды Ult.kz.

Бағалар УЕФА талаптарына сәйкес бекітілген. Абонемент иелеріне орындарды жеңілдетілген бағамен алдын ала сатып алу мүмкіндігі беріледі, олар Ticketon қызметкерлері арқылы хабарланады. 

Ойын 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Билеттерді клубтың ресми сайты мен Ticketon арқылы 23 қыркүйектен бастап сағат 17:00-де сатып алу басталады.