Фото: Жазушылар одағы
Бүгінде жас қаламгер қауым асыға күтетін үлкен мейрамға айналып үлгерген «Қарағанды көктемі» республикалық поэзия фестивалі биыл Қарағанды қаласында 3-4 сәуір күндері өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Фестиваль биыл «Жаңа заман әдебиеті және сын» тақырыбына арналып, оған Қазақстанның барлық облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан қонақтар қатысты. Әлия Бөпежанова, Әмірхан Меңдеке, Амангелді Кеңшілікұлы және Бағашар Тұрсынбайұлы оқырмандар мен жас қаламгерлерге заманауи қазақ әдебиетінің даму бағыттары мен әдебиет сыны жөнінде дәрістер оқыды.
Сонымен қатар әдебиетшілер секцияларға бөлініп, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде және Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде оқырмандармен кездесті.
Айта кетейік, төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан жыр мерекесі бүгінде әдебиеттің сан алуан бағытын қамтитын мазмұнды алаңға айналды.
