10 қаз, 2025 сағат 16:17

Дастан Сәтпаев жанкүйерлеріне үн қатты


Фото: Ашық дереккөзден

Дастан Сәтпаевтың енді Қазақстан құрамасы үшін алаңға шықпайтыны жөніндегі жаңалықтан соң, футболшы Instagram парақшасында жанкүйерлеріне арнап жазба қалдырды, деп жазады Ult.kz.

"Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтпаев ұлттық құраманың алдағы ойындарына қатыса алмайтынын мәлімдеп, өкінетінін айтты.

"Өкінішке қарай ұлттық құраманың соңғы ойындарына қатыса алмаймын. Соңғы матчта жарақатым болып. Медициналық штаб ұлттық құраманың ойындарына қатысуға шектеу қойды. Жаттығу жасап ертерек денсаулығымды қалпына келтіруге тырысып жатырмын. Барлықтарыңыздығ қолдауларыңызға көп рақмет", - деді ол жазбада.


Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы Дастан Сәтпаевтың ұлттық құраманың Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы өтетін алдағы матчтарына қатыспайтынын хабарлаған болатын.