Фото: КазТАГ
БАӘ-де өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде 21 жастағы Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссмейстерлік нормасын орындап, рейтингі алғаш рет 2500 межеден асты, деп хабарлайды Ult.kz.
Ол 64 гроссмейстер қатысқан турнирде үздік 30-дыққа еніп, әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетті.
Бибісара әйелдер Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухты артта қалдырды.
Енді тек ФИДЕ кеңесінің шешімі қалды. Ресми түрде бекітілсе, Бибісара –Қазақстандағы әйелдер арасынан шыққан екінші гроссмейстер (GM) атанбақ. Бірінші – Жансая Әбдімәлiк.
Айта кетейік, Бибісара – еліміздің ең жас халықаралық гроссмейстері.