Биыл Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына берілді.
Ұйымға сыйлық аштықпен күресіп, аштықты соғыс құралы ретінде пайдалануға қарсы шыққаны үшін берілген. 2019 жылы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы әлемнің 88 елінде 100 млн адамға көмек көрсеткен.
Биыл Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына швед экобелсендісі 17 жастағы Грета Тунберг те ұсынылған. Оның кандидатурасын Норвегия парламентінің мүшелері мен швециялық екі депутат ұсынған.
Сыйлыққа ұсынылғандар арасында АҚШ президенті Дональд Трамп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн, Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская, ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный, "Шекарасыз тілшілер" баспасөз қорғау ұйымы бар.
Былтыр Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед Әлиге берілген. 2018 жылы Ахмед премьер-министр болып сайланған соң Эритерия билігімен келісімге келіп, 20 жылға созылған қақтығысқа нүкте қойған.
Сыйақы көлемі 10 миллион швед кронын (1 миллион доллардан астам) құрайды. Сыйлықты табыстау рәсімі 10 желтоқсанда - Альфред Нобель дүниеден өткен күні өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 014 жылы Нобель сыйлығының ең жас иегері пәкістандық мектеп оқушысы Малала Юсуфзай болған еді. Ол марапат алған сәтте ол 17 жаста болатын.
1901 жылдан бастап Нобель сыйлығы 100 рет берілді.