27 там, 2018 сағат 18:44

Азиада-2018: Ел қоржынына жетінші алтын медаль түсті

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы ел қоржынына Азиаданың жетінші алтын жүлдесін салды, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл сында ел намысын Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова және Адиля Тілекенова қорғаған болатын.

Біздің команда жалпы есебі 159.850 ұпай жинап, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды.

Екінші орында - Өзбекстан, үшінші сатыда - Оңтүстік Корея спортшылары.

Қазір Қазақстан 7 алтын, 8 күміс, 28 қоламен жалпы есепте 11-орыннан 10-орынға көтерілді.