31 мам, 2021 сағат 07:32

«Астана» командасының велошабандозы «Джиро д'Италия» жарысында төртінші орын алды


«Астана» командасының мүшесі ресейлік Александр Власов «Джиро д'Италия» жарысында төртінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды euronews.

Ineos Grenadiers командасының колумбиялық велошабандозы Эган Берналь көпкүндік «Джиро д'Италия» веложарысының жалпы есебінде жеңімпаз атанды. Ол бұл жарысқа алғаш рет қатысып отыр. Колумбиялық 2019 жылы «Тур де Франс» жарысында бірінші келіп, осы көпкүндікте алғаш рет 110 жылда ең жас жеңімпаз атанды.

Екінші орында Bahrain Victorious командасының спортшысы итальяндық Дамиано Карузо, үшінші орында Team Bikeexchange велошабандозы британдық Саймон Йейтс тұр. 

Жарыс 8-30 мамыр аралығында өткізіліп, Милан қаласында мәресіне жетті. Көпкүндік 21 кезеңнен тұрады. 

«Астана» командасының мүшесі ресейлік Александр Власов төртінші орынға тұрақтады.

Биыл жарыстың бағдары өзгертілді, ұйымдастырушылар Моттароне тауына бармайтын болып шешті, өйткені онда 23 мамырда фуникулер кабинасы құлап, 14 турист қаза тапқан еді.