Сурет: lada.kz
Ақтауда Приморский маңында бір жасөспірім суға батып кетті. Куәгерлер екі адамды құтқарып қалған. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттіг lada.kz порталына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға туралы хабарлама 2 маусымда сағат 17:13-те келіп түскен.
"Куәгерлер Приморский тұрғын алабына қарама-қарсы "Солдат" жағажайында 17 жастағы жасөспірім суға батып кеткенін айтты. Қазір сүңгуірлер іздеп жатыр. Куәгерлер екі адамды құтқарған", - деді Маңғыстау облысы ТЖД өкілі.