Жамбыл облысының Байзақ ауданында жасөспірімдер арасындағы төбелес 15 жастағы баланың өлімімен аяқталды, деп хабарлайды ult.kz.
Полицияның мәліметінше, жанжал 3 қазан күні сағат 22:00 шамасында Байзақ ауылында болған. Төбелес кезінде 2011 жылы туған жасөспірім ауыр жарақат алып, кейін көз жұмған.
Оқиғаға қатысы бар жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.