Жетісу облысының Жаркент қаласында басқа көлікке тиесілі мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізуші ұсталды. Сот оны кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алып, бір жылға көлік басқару құқығынан айырды, деп хабарлайды ult.kz.
Полиция қызметкерлері Audi 100 көлігін тоқтатып, оның мемлекеттік нөмірі басқа көлікке тиесілі екенін анықтаған. Тексеру барысында жүргізушінің өз көлігіне Toyota Camry автокөлігінің нөмірін орнатқаны белгілі болды.
Жинақталған материалдар Панфилов аудандық сотына жолданды. Сот шешімімен ер адамға 5 тәулік әкімшілік қамақ және бір жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жалған мемлекеттік нөмір тәркіленіп, белгіленген тәртіппен жойылады.
Полиция басқа көлікке тиесілі мемлекеттік нөмірді пайдаланудың өрескел құқық бұзушылық екенін ескертті.