Мәскеуде 25 жастағы қыздың шамамен екі жыл пайдаланған 1 ТБ iPhone 15 Pro Max смартфоны түтіндеп, деформациялана бастаған, деп хабарлайды ult.kz.
Жас қыз 1 ТБ жады бар модельді сатып алып, смартфонмен көп мөлшерде фото және видео түсірген. Соңғы уақытта телефон бос жад көлемінің азайғаны туралы ескертуді жиі көрсете бастаған. Алайда қыз қажетсіз файлдарды өшіруге уақыт таппаған.
Бірнеше күн бұрын ол үйінде болған кезде смартфон кенеттен түтіндеп, ішкі тұтану салдарынан деформациялана бастаған. Қыз өртті өздігінен сөндіріп үлгерген.
Оның айтуынша, егер сол сәтте смартфон қолында болғанда, салдары әлдеқайда ауыр болуы мүмкін еді.