Түркістанда ер адам әйелін пышақтап өлтірді: баласы жедел жәрдем шақырған

Түркістанда ер адам әйелін пышақтап өлтірді: баласы жедел жәрдем шақырған
Polisia.kz

Түркістанда отбасылық жанжалдан кейін ер адам әйелін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ult.kz.

Көршілердің айтуынша, ауыр жараланған 54 жастағы әйелді алғаш болып кіші ұлы байқаған. Анасының дауысын естіген бала бөлмеден шығып, оны қан-жоса болып жатқан жерінен көрген. Ол дереу жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер әйелді аман алып қала алмады. Ол жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Ерлі-зайыпты шамамен 25 жыл бірге тұрып, төрт бала тәрбиелеген. Жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиғадан кейін әйелдің күйеуі өзіне де жарақат салып, өзіне қол жұмсамақ болған. Ол ауруханаға жеткізілді. Қазір ер адам ұсталып, қамауға алынды.