Түркістан облысында шатырдан 5 млн теңге табылды

Түркістан облысында шатырдан 5 млн теңге табылды
NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында қарт әйелдің үйін жөндеп жүрген тұрғындар шатырдан 5 млн теңгеден астам ақша тапты. Қаражаттың иесі анықталып, ақша заңды иесіне қайтарылмақ, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, жанашыр тұрғындар қарт әйелдің үйін жөндеу кезінде бірнеше пакетке салынған ақшаны байқап, бірден полицияға хабарлаған.

Үй иесінің айтуынша, ол бұл қаражатты жылдар бойы жинаған. Полиция қажетті тексеру шараларын жүргізіп, ақшаны иесіне қайтару үшін тиісті жұмыстар атқарған.