Алматыда туризмді дамытуға үлес қосқан мамандар мен жобаларға арналған ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады. Марапаттау рәсімі 11 қарашада Almaty Arena кешенінде өтеді, деп хабарлайды ult.kz.
«Туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлығына тревел-блогерлер, цифрлық контент авторлары, гидтер, туроператорлар, туристік компаниялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үміткер бола алады.
Сондай-ақ оқиғалық, мәдени, гастрономиялық және экологиялық туризмді дамытуға бағытталған жобалардың авторлары да қатыса алады.
Жеңімпазға ICONIC Awards 2026 марапат тізбегі табысталады.
Қазір сыйлыққа қатысуға өтінім қабылдау басталды. Үміткерлер өтінімді theiconicawards.com арқылы бере алады.