Таразда мектеп оқушысының бір көзін шығарып жіберген жасөспірім 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Соққыдан жәбірленуші көру қабілетінен толық айырылған, деп хабарлайды ult.kz.
Жамбыл облысы сотының мәліметінше, оқиға мектеп-гимназияда болған. 10-сынып оқушысы мен қатарласы арасындағы жанжал спортзалдың киім ауыстыратын бөлмесінде өршіген. Сол кезде сотталушы жәбірленушінің сол көзіне жұдырықпен соққы жасаған.
Жасөспірім аса қатыгездікпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.