ШҚО-да қос азаматтық үшін 48 адам жауапқа тартылды

ШҚО-да қос азаматтық үшін 48 адам жауапқа тартылды
Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 650-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан айырылды. Тағы 48 адам шетел азаматтығын алғанын уақытында хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, соңғы жағдайлардың бірі Глубокое ауданында тіркелді. 63 жастағы тұрғын 2023 жылдың шілдесінде шет мемлекеттің азаматтығын алғанымен, бұл туралы уәкілетті органдарға хабарламаған. Нәтижесінде оның Қазақстан құжаттары алынып, азаматтығынан айырылуы заңда белгіленген тәртіппен рәсімделді.

Заң бойынша, шетел азаматтығын алған азамат 30 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органдарға хабарлап, Қазақстан паспорты мен жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

Көші-қон қызметі Қазақстанда қос азаматтыққа жол берілмейтінін ескертеді.