Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылында 31 жастағы әйел қаза тапты. Қайғылы оқиға 23 тамызда болған, деп хабарлайды ult.kz HALYQSTAN Телеграм арнасына сілтеме жасап.
Полицияның алдын ала мәліметінше, әйелге дене жарақатын оның бірге тұратын ер адамы салған. Оқиға кезінде ер адам алкогольдік мас күйде болған. Әйел алған жарақатынан көз жұмған, ал ер адам кейін өзіне қол салған.
Осы факті бойынша Күршім аудандық полиция бөлімі қылмыстық істер қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мәліметтерін жариялаған жоқ.