2026 жылы қазақстандықтар Республика күніне орай қатарынан үш күн демалады, деп хабарлайды ult.kz.
Биыл 25 қазан жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні 26 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар 24, 25 және 26 қазанда демалады.
Қазан айындағы демалыс күндері
Бес күндік жұмыс аптасындағылар қазан айында барлығы 10 күн демалады. Алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін азаматтар үшін демалыс күндерінің саны – 5 күн.
Республика күні қашан атап өтіледі?
Республика күні – Қазақстанның ұлттық мерекесі. Ол 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның құрметіне белгіленген.
Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына негіз болған маңызды тарихи қадамдардың бірі саналады.
2022 жылы Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайта берілді. Содан бері бұл мереке жыл сайын 25 қазанда аталып өтеді.