Қазақстанның негізгі 5 сауда серіктесі

Қазақстанның негізгі 5 сауда серіктесі
ашық дереккөз

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 44,9 млрд $ құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 7,9% артқан, деп хабарлайды ult.kz. 

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, экспорт көлемі 24 млрд $, ал импорт көлемі 20,9 млрд $ құрады. 

Қазақстанға тауар жеткізуші ірі елдердің қатарында: 

  • Ресей (6,6 млрд $), 
  • Қытай (6 млрд $), 
  • Германия (1 млрд $), 
  • АҚШ (0,9 млрд $),
  • Оңтүстік Корея (0,5 млрд $) болды. 

Қазақстан экспортының негізгі бағыттары: 

  • Қытай (4,9 млрд $), 
  • Италия (4 млрд $), 
  • Ресей (2 млрд $), 
  • Түркия (1,7 млрд $)
  • Өзбекстан (1,4 млрд $) елдері болды.