Қазақстанда шетелден алма импорттауға уақытша тыйым енгізу жоспарланып отыр. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға жарияланды, деп хабарлайды ult.kz.
Құжатты Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген. Жобаға сәйкес, 2026 жылғы 1 тамыз бен 31 желтоқсан аралығында үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы алма (ТН ВЭД коды – 0808 10) әкелуге тыйым салу ұсынылады.
Алайда бұл шектеу транзиттік тасымалдарға және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асырылатын жүк тасымалына қолданылмайды.
Министрлік мұндай шешімнің негізгі мақсаты – отандық алма өндірушілерін қолдау, ішкі нарықта жергілікті өнімнің тұрақты сатылуын қамтамасыз ету екенін атап өтті. Сондай-ақ құжатта бұл шараның елеулі әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдары болмайтыны көрсетілген.
Бұйрық жобасы 8 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады. Егер құжат қабылданса, биылғы 1 тамыздан бастап жыл соңына дейін Қазақстанға шетелден алма импорттауға уақытша шектеу енгізіледі.