Қазақстанда енесін зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Қазақстанда енесін зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
ашық дереккөз

Алматыда 65 жастағы әйелге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ult.kz.

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, 17 тамызда күйеу баласы шай ішуге келген сылтаумен әйелдің үйіне барған. Отбасы ер адам оның дәрменсіз күйін пайдаланып, зорлық көрсеткенін мәлімдеді.

Оқиға болған күні жақындары полицияға жүгінген. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы полициясы істің тергеліп жатқанын, күдіктінің әрекетіне тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетінін хабарлады.