Каспий құбыр консорциумы (КТК) нысандарына жасалған шабуылдардың салдарынан Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі шамамен 3,5 млн тоннаға азаюы мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Оның айтуынша, КТК төңірегіндегі жағдайға байланысты биылғы мұнай өндіру жоспары қайта қаралады. Бұған дейін Қазақстанда жыл соңына дейін 100 млн тоннаға жуық мұнай өндіру жоспарланған еді.
Енді болжамды көрсеткіш 96 млн тонна шамасында болады.
Министр жоспардың қысқаруын КТК инфрақұрылымына жасалған шабуылдардың салдарымен байланыстырды. Қазақстан мұнайының едәуір бөлігі экспортқа дәл осы құбыр жүйесі арқылы шығарылады.