Қарағандыда пойыз адамды қағып кетті: қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда пойыз адамды қағып кетті: қылмыстық іс қозғалды
zarechnay.ru

Қарағанды облысында пойыз адамды қағып кетті. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ult.kz.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 1 қыркүйекте болған.

Полицияның мәліметінше, «Қарағанды – Сортировочный» станциясында адамды пойыз қағып кеткен. Осы факті бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.