Қарағандыда кәріз қазу кезінде жұмысшыны топырақ басып қалды

Қарағандыда кәріз қазу кезінде жұмысшыны топырақ басып қалды
ТЖМ

Қарағандыда кәріз жүйесін тарту кезінде 23 жастағы жұмысшыны топырақ басып қалған, деп хабарлайды ult.kz.

ТЖМ мәліметінше, оқиға кеше Қазыбек би ауданындағы Молоков көшесі маңында болған. Кәріз жүйесін тарту мақсатында жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде, 2003 жылы туған жұмысшы шұңқырдағы топырақ астында қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмысшылармен бірлесіп, су мен топыраққа толған шұңқырдан ер адамды шығарып алды.

Құтқару жұмыстары аяқталған соң зардап шеккен азамат жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.