Қарағанды облысындағы алтын кенішінде жұмысшы қаза тапты

Қарағанды облысындағы алтын кенішінде жұмысшы қаза тапты
Ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында орналасқан «Алтыналмас АК» АҚ-ның өндірістік нысандарының бірі – «Пустынное» тау-байыту кешенінде жазатайым оқиға салдарынан жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.

Компанияның мәліметінше, қайғылы оқиға 23 шілде күні сағат 11:30 шамасында болған. Екінші сатыдағы ұсақтау корпусының конвейер машинисі өндіріс орнында қаза тапқан.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын уәкілетті мемлекеттік органдар анықтап жатыр.

«Алтыналмас АК» АҚ марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтып, оның отбасына қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.