Қара нарықтағы құны – 180 млн теңге: Қорғаста 620 киік мүйізі тәркіленді

Қара нарықтағы құны – 180 млн теңге: Қорғаста 620 киік мүйізі тәркіленді
ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекарашылары Қытайға заңсыз жолмен 620 дана ақбөкен мүйізін алып өтпек болғандардың әрекетін тоқтатты. Тәркіленген мүйіздердің қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңгеге бағаланады, деп хабарлайды ult.kz.

ҰҚК мәліметінше, оқиға 20 қазанда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында болған. Шекарашылар ақбөкен мүйіздерін Қытай Халық Республикасына заңсыз әкету әрекетін анықтаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.