Павлодардағы 6 жұмысшының өлімі: жұмыс беруші кінәлі деп танылды

Павлодардағы 6 жұмысшының өлімі: жұмыс беруші кінәлі деп танылды
Ашық дереккөзден

Павлодар облысындағы «Aqtogai Milk» ЖШС-де алты жұмысшыныңү қазасына себеп болған қайғылы оқиғаға қатысты арнайы тексеру аяқталды, деп хабарлайды ult.kz.

Министрлік мәліметінше, жұмысшылардың бірі кәріз құдығында күкіртсутегінен уланып қалған. Оған көмектеспек болған бес әріптесі де кезекпен құдыққа түсіп, улы газдан уланып көз жұмған.

Тексеру барысында жұмысшылардың қауіпті жұмыстарды орындау бойынша тиісті оқудан өтпегені және қажетті қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмегені анықталды.

Комиссия қорытындысы бойынша жұмыс беруші — «Aqtogai Milk» ЖШС-нің кінә дәрежесі 100 пайыз деп белгіленді.

Қайғылы оқиға 20 шілдеде Павлодар облысының Жоламан ауылында болған. Оқиға салдарынан алты адам қаза тапқан.