Мұнайлы ауданының прокуратурасы балалардың пайдасына 37 млн теңге алимент өндірді

Мұнайлы ауданының прокуратурасы балалардың пайдасына 37 млн теңге алимент өндірді
Polisia.kz

Мұнайлы ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету бағытында тиісті прокурорлық шаралар қабылдады, деп хабарлайды ult.kz.

Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше қабылданған шаралар нәтижесінде 22 борышкер әкімшілік, 3 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар балалардың пайдасына жалпы сомасы 37 млн теңге алимент берешегі өндірілді.

Прокуратура алимент бойынша берешекті өндіріп алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.