Кентауда адам денесі табылды деген ақпарат тарады: полиция мәліметті жоққа шығарды

Кентауда адам денесі табылды деген ақпарат тарады: полиция мәліметті жоққа шығарды
ашық дереккөз

Кентауда әлеуметтік желіде тұрғындарды алаңдатқан хабарлама тарады. Онда Яссауи даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан адам денесі табылғаны айтылған, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиғаға байланысты полицияға хабар түскен. Осыдан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Құқық қорғаушылар аумақты, оның ішінде қоқыс жәшіктерін де тексерген.

Алайда ақпарат расталмады.

Қазір полиция жалған хабарламаның қайдан шыққанын және қалай таралғанын анықтап жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.

Полиция тұрғындарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды. Құқық қорғау органы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.