
"Оңтүстік Кореяның Хвасун қаласында ММА аралас жекпе-жектен ІІІ Азия чемпионаты өтті", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бәсекеде қазақстандық спортшылар топ жарып, Азия біріншілігінде 7 чемпиондық белбеудің бесеуін және 2 күміс медальға қол жеткізді.




Ал жеңіл салмақта (61,2 кг) әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Сергей Морозов (7-1-0) оңтүстіккореялық Lee Youn Jin-нен(1-2-0) басым түсті. Сонымен бірге кәсіби рингте Абылайхан Қадыржан (2-0-0) кореялық спортшы See Sung In Heig-ті жеңді (6-5-2). 

Ал 80 келі салмақта белдесіп жүрген ММА аралас жекпе-жектен Азия чемпионы, әлем чемпионы Шавкат Рахмонов (7-0-0) кореялық спортшы Park Jun Young-пен (3-1-2) шығып, жеңіске қол жеткізді.
